Шымкент – Цирк

Шымкент – Цирк

“Шымкент – Цирк” - Нұр-Сұлтан мен Алматы цирктарынан кейін, елміздің үшінші тұрақты циркі. Шымкентте цирк бұрыннан бар болатын, бірақ бөлек және кішкентай топтар ретінде - Металлургтар Сарайы құрамында және облыс филармониясы құрамында. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, 2011 жылы қала тұрғындарының бұрыңғы арманы орындалды - тұрақты труппасы бар цирк құрылды.   

Түрлі жанрда өнер көрсететін әртістері бар цирк құрамасын ұйымдастыру - ең қиын мәселе болды. Бірақ бәрі өзімен-өзі шешілді. Алыс жерлерде жұмыс істеген дарынды отандастарымыздың көбісі, Шымкентте цирк ашылғанын естіп, туған жеріне оралды.  

Бірнеше жылдан соң цирк үшінші мегаполистың тұрғындары мен қонақтарының сүйікті жеріне айналды. Цирк репертуарында көрермендер асыға күтіп тамашалайтын жүзден астам нөмір мен қойылымдар бар.  

“Шымкент-Цирктің” өнерін және шеберлігін тек Шымкенттіктер ғана емес, еліміздің басқа қалаларының тұрғындары да тамашалай алады. Труппа ел ішіне және сыртына жиі гастрольға шығып тұрады. «Шымкент-Цирк» қызметкерлері жыл сайын халықаралық фестивальдарға қатысып, лауреаттары болады. 


Топ материалдар

Серіктестер