Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады
Надан ел - қуанбас нәрсеге қуанады, ұялмас нәрседен ұялады
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады
Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі
Тіл жүректің айтқанына көнсе - жалған шықпайды
Адам баласын заман өсіреді
Құдайшылық - жүректе
Дүниеде жалғыз қалған адам - өлген адаммен тең: қапашылықтың бәрі соның басында
Мал - жұтайды, өнер - жұтамайды
Баланың мал табары болады, мал шашары болады