Шәмші Қалдаяқов атындағы аллея - заманауи қазақ эстрадасының негізін қалаушысының есімімен байланасты, Шымкент қаласының белгілі жері.
Жайлы саябақ орталық базардың жанында орналасқан. 90-шы жылдары қазіргі орталық базар және қала ортасында орналасқан бұрыңғы табиғи көл айналасында пайда болған дүкендерді жою мақсатымен, 2007 жылы аллея құрылысы басталды. Ұлттық ән ұранның негізі болған “Менің Қазақстаным” өлеңінің авторы, халық “Қазақ вальсінің королі” деп атаған, танымал ұлы қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші 2010 жылы ашылған кезде, аллея қазіргі атауын алды.
Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлерінің Жұлдыздар аллеясы бұл жерге ерекше көрініс береді. Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің түбінде, ресми атақты емес, бірақ халық сүйетін, еліміздің рухани байлығының қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан 48 композитор. әнші, әртіс, ақындардың аттары Жұлдыздар аллеясының гранит тұғырларында ойып жазылған. “Шәмші әлемі” - мәдени тыныштық аралы, бұл жерде күнделікті мәселелерді ұмытып, жасыл арасында серуендеп, жан-жақтағы әсемдікті тамашалай аласыздар.