Ш.Қалдаяқов атындағы филармония

  Ш.Қалдаяқов атындағы филармония

Ш.Қалдаяқов атындағы филармония 1930 жылы 15 тамызда ашылған. Қазақстанда құрылған алғашқы филармониялардың бірі

Шәмші Қалдаяқов - әйгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі, “қазақ вальсінің королі”. 1956 жылы жазған “Менің Қазақстаным” өлеңі 2006 жылдың қаңтар айында қазіргі мемлекеттік әнұранның негізі болып таңдалды.  

2010 жылы ірі қалпына келтіру жұмыстар аясында, ескі ғимарат бұзылып, орнына жаңасы салынды.

Филармония труппасы 20 шақты әртістен тұрады. Репертуарында қазақ және орыс тілдерінде спектальдер бар.   

Филармония ұжымы республикалық және халықаралық фестивальдарға жиі қатысады, гастрольге шығып балаларға спектакльдер көрсетеді. Жыл сайын филармония әртістері балалар үйлеріне және мүгедек балаларға арналған қайырымдылық концерттер ұйымдастырады. Шәмші Қалдаяқовты еске алу концерті де жыл сайын осы жерде өтеді. 

Ш.Қалдаяқов атындағы филармония Шымкент қаласының ең маңызды мәдени мекемелерінің бірі. 



Топ материалдар

Серіктестер