Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейі

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейі

Музей 1937-1938 жылдары болған саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған. Салтанатты ашылуы 2001 жылы, Тәуелсіздіктің онжылдығына орай өтті. 

1937-1938 жылдары болған ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандары болған танымал тұлғалар мен қарапайым адамдардың портрет галереясы ерекше орын алады. Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев және т.б. ұлы адамдардың портреттері ілінген.  

Музей ортасында «Репрессия» атты мүсін орналасқан. Ол сол жылдары адамзат тартқан азап пен қайғыны бейнелейді.

Жыл сайын музейге 15 мыңнан астам адам келеді. Музей жұмысшылары аудандық және қалалық тарихи білім таратушылық шараларды жиі ұйымдастырады.  



Топ материалдар

Серіктестер