Қошқар ата өзені

  Қошқар ата өзені

Қошқар ата өзені - қала ортасындағы жер астынан бастау алатын бұлақ суы, Бадам өзеніне құйылады. 

Аңыз бойынша, ерте заманда шығыстан батысқа бір керуен келе жатыпты. Ыстық шөл, шексіз дала, созылған асу кешіп ұзақ сапар жасапты. Сапаршылар шаршап, сулары таусылыпты. Тіпті түейлері де шөлдеп, әрең келе жатыпты. Бір күні жол бойындағы үлкен таста отырған бір ақсақалды көріпті. Керуен басы шалдан “Суға дейін әлі алыс па?” деп сұрады. Сонда шал “Егер мен отырған тасты жылжытсаңдар, су табасыңдар” деп айтыпты. Керуеншілер тасты жылжытқанда, астынан мөлдір таза бұлақ аға бастады. Құтқарушының есімін сұрағанда, ақсақал “Қошқар” деп қысқа жауап беріпті.

Кейін кішкентай бұлақтар бір керемет өзенге қосылды. Жағасында тоғай өсіп, жанына еңбекқор адамдар көшіп келді - оларды алғаш шымкенттіктер деп атасақ болады. Қошқар ата кесенесі жағасында қойылған өзенді ұлы кісінің есімімен атай бастады.     

2010 жылдан бастап өзен қорғалатын табиғи аумақ болып саналады. Өзен бастауынан Ордабасы алаңына дейін ірі қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, 1,5 шақырымға жуық асықпай серуендеуге арналған орын пайда болды.  

Судың бір ғажабы - жыл бойы температурасы бір қалыпта, яғни, +11 градус болып сақталып тұрады. Құрамында фтор, кальций, магний элементтері болғандықтан Қошқар ата өзенінің суы шипалы болып саналады. Көп адамдар дұға оқуға, су толтырып алуға, шомылуға келеді.   

Бұрынғы заманнан бастап Қошқар ата өзенінің жағасында қала тұрғындары Наурыз қарсаңында «Қошқар ата сейілі» фестивалін өткізген. Сонымен қатар үлкен жәрмеңкеде көшпенділер мен қалалықтар арасында тауар айырбасы өткізілген. 

Октябрь революциясы кезінде мерекеге тыйым салынып, 2016 жылдан бастап Наурыз қарсы алу аясында бұл шынайы шымкенттік мереке қайта тойлана басталды.



Топ материалдар

Серіктестер