Қарағанды облысы

	Қарағанды облысы

Қарағанды облысы


Қарағанды облысы – Қазақстанның орталық бөлігіндегі облыс, Солтүстік Мұзды және Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарынан тең бөлінген, Еуразия континенті орталығында орналасқан. Облыс аумағы жаңа шекарада 428 мың шаршы метрді (Қазақстан аумағындағы жалпы аумағы 15,7) алып жатыр. Облыста Қазақстанда тұратын барлық халықтың оннан бір бөлігі тұрады және 113-тен аса ұлт өкілдері өмір сүреді. Халық саны – 1 378 533 адам.

Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Алғашқыда облыс орталығы Петропавлда болған. 1936 жылғы 3 тамыздан бастап облыс орталығы Қарағанды қаласы болды.

Қазір кезде облыс шекарасы 1997 жылы қайта құрылып, Жезқазған облысымен қосылды.

Қарағанды облысы – минералдармен шикізатқа бай, аумағы мен өнеркәсіптік әлеуеті бойынша ең ірі облыс болып табылады. Қарағанды облысы - ірі индустриалды орталық. Өзінің экономикалық, мәдени, ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымының дамуы бойынша облыс Қазақстандағы жетекші орындардың бірінен орын алады.

Теміржол қатынастары ТМД елдерімен, Германиямен, Қытаймен байланыстырады. «Сарыарқа» халықаралық әуежайы Ресейге, Германияға, Араб Әмірлігіне және басқа да елдерге тікелей рейстерді жүзеге асырады. Қарағанды облысы арқылы Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматыны қосатын автомобиль жолы өтеді.

Сарыарқаның кең даласында Қарағанды облысы қанатын жайып орналасқан. Облыс аумағы Қазақстанның ұсақ шоқылардан тұратын орталық бөлігін қамтиды. Шығыстағы Қарқаралы тауларынан батыстағы Теңіз өзеніне дейін, солтүстіктегі Есіл өзенінен, оңтүстіктегі Шерубай-Нұра су қоймасына дейінгі кең далаға қазақ халқы ертеден «Сарыарқа» деп поэтикалық ат берген, ол орысшаға аударғанда «Желтый хребет» деп аталады.

Облыс климаты - тым континенттік: жазы ыстық және қуаң, қысы аз қарлы, бораны мен желі суық. Жазғы күндері температура 37 градусқа дейін көтеріледі. Ең суық ай-қаңтар. Аяз 40 градусқа дейін көтеріледі.

Облыста екі жүздей үлкен және шағын көлдер бар. Облыстың басты су артериясы болып Нұра өзені саналады. Нұра өзені шығыстан батысқа ағып Орталық Қазақстанның ірі өзені Теңізге ағады. Шығыста Қазақстандағы ең ірі көл-Балқаш көлі бар. Оның кереметтігі судың шығыс жағы тұзды болса, батыс жағы- тұщы.

Қарағанды облысы тарихында, ең алдымен оның аумағында көне Жібек жолының солтүстік тармағы өткен. Бұл тарихи аймақ Қазақстан мен басқа елдердің арасындағы экономикалық және мәдени алмасу каналы, сауда артериясы ретінде танымал болған.

Облыс ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Сталин қуғынына ұшыраған халықтың орналасқан жеріне айналды. Осы жерде атақты КАРЛАГ орналасты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Спасскі Германия, Жапония, Италия және Румыния әскери тұтқындарының концлагері болды, қазір ол жерде Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына арналған Мемориалдық ескерткіш ашылған. Тарихшылардың бағасы бойынша бұл жерде түрлі ұлт өкілдерінен тұратын 5152 әскери тұтқын жерленген.

Облыстың жануарлар әлемі әртүрлі. Оңтүстікте және оңтүстік-батыстағы жазық кең дала киіктер мекені. Сондай-ақ облыс аумағында қасқырлар, түлкілер, жайрандар, архарлар, қояндар, борсықтар, қабандар,акаіс, күзендер бар. Қарағай ағашты ормандарда тиіндер де кездеседі. Көлдер мен өзендерде сазан, шортан, алабұға, оңғақ, мөңке, лақа, аққайран, шабақ және тағы басқа балықтар бар.

Сарыарқа даласы таяу және алыс шетелдерден келетін туристерге нағыз қазақтың қонақжайлығын көрсетуге әрқашан дайын.












Топ материалдар

Серіктестер