Көпке қорлық жүрмейді
Баланың мал табары болады, мал шашары болады
Ер - артық сұраса да азға разы болады, ез - аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас
Адам баласын заман өсіреді
Надан ел - қуанбас нәрсеге қуанады, ұялмас нәрседен ұялады
Жаманмен салысып жақсы болмайсың
Мал - жұтайды, өнер - жұтамайды
Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпен өмір өткізгенше - малды не жерден сұрау керек, не маңдай терден сұрау керек
Өзің мал таба алмасаң - балаң мал тапсын
Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек - бұлар жүрек ісі. Асықтық та - жүрек ісі
Омбыда қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды 23 қыркүйек, 2020

Омбыда қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды

2020 жылғы 22 қыркүйекте «Отандастар қоры» КЕАҚ Дүниежүзі қазақтар қауымдастығымен бірлесіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің және РФ Омбы облысы Үкіметінің қолдауымен онлайн-форматта Омбы қаласында «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы консулдығының өкілдері, сондай-ақ «Отандастар қорының» басшылары, «Омбы қазақтары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және т. б. қатысты.

Кездесу аясында қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтті, сондай-ақ Ресейдегі қазақтардың мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Жиын барысында «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйлерінің қазақ мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, шетелдегі отандастармен іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайту бойынша мақсаттары мен міндеттері айтылды.

Сондай-ақ, 2020 жылдың соңына дейін «Отандастар қоры» Қырғызстанда (Бішкек қ.), Өзбекстанда (Ташкент қ.), Германияда (Берлин қ.), Түркияда (Стамбул қ.) «Abai Uii» атты тағы 4 қазақ мәдени-іскерлік үйін ашуды жоспарлап отыр.


пікір (0)

image

Пікір қалдыру

image