Шымкент хайуанаттар бағы 1979 жылы құрылған, қала мен өңірдің маңызды көрнекі жері. Бақтың ресми ашылған күні 1980 жыл, 29 сәуір болып саналады. Жалпы көлемі 54 га. 34 га экспозициялық алаңда әдемі саябақ құрылған: 3,5 мың сәндік және 50 жемісті ағаш түрлері, 10 шай-гибридті раушан гүлі түрлері отырғызылған. Хайуанаттар бағының алғаш топтамасына жануарлар мен құстардың 75 түрі, 350 басы кірді. Қазір бұғы, арқар, пони, жолбарыс питон, арыстан және басқа жануарлар түрлерінің саны көбеюде.
Қазір Шымкент хайуанаттар бағы - тірі табиғаттың бірегей бұрышы. 2010 жылдың шілдесінен бастап Евроазиялық аймақтық хайуанаттар бақтары және аквариумдар ассоциациясына кіреді. Шымкент хайуанаттар бағының ең басты міндеттерінің бірі - Қызыл кітапқа кірген жануарларды сақтау және санын көбейту. Хайуанаттар бағы қызметкерлері келушілерге арналған экскурсия, радио-лекция өткізеді, биологтар және жетекші мамандар өз білгенімен бөліседі. Шымкент хайуанаттар бағы қала тұрғындары және қонақтары үшін көрнекті демалыс орны. Жыл сайын хайуанаттар бағына 300 мыңнан астам адам келеді.