Астанада өтіп жатқан “Отандастар. Болашаққа бағдар” атты халықаралық жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді.
“Қазіргі кезде қандастар 46 құжат жинайды. Біз бұл құжат санын 20-ға дейін азайтуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, бұл құжаттарды жинау үшін отандастарымыз бірнеше ведмоствоны аралайды. Біз бұдан былай бұл құжаттардың барлығын бір жерден – Халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алатын болады,” – деді министр.
Оның айтуына қарағанда бұл жұмыстар 2021 жылдың үшінші тоқсанында толықтай аяқталады.
Фото: автордан
https://qandastar.kz/?p=2191