Алматы облысының Таңбасын сипаттау
«Елтаңба» - «Герб» немістің Ербе – «мұра» деген сөзінен шыққан, мұрагерлік ерекшелеу белгісін – иесінің тарихи дәстүрлерін көрсетіп тұратын, символикалық мағына берілген заттар мен сұңғаттардың үйлесімін таңбалайды.
Елтаңбаның тікелей негізін рулық отбасылық меншік белгілері – славяндарда ту дармежелер, таңбалар, түріктер мен моңғолдарда таңбасалды. «Таңба» термині бәрінен бұрын көне түрік қағанатында қолданыла бастады.
Алматы облысы Таңбасының композициялық негізі – «күнді» бейнелейтін сәуле шашып тұрған дөңгелек. Дөңгелектің ортасында спираль тәріздесетіпсалынғанқанаттыбарыс пен бүркіт басты көреген құс – самұрық бейнеленген. Бұлқұс – Сақзаманында қазына-байлықтардың күзетшісі.
Екі бейненің сабақтастығы адамгершілік құтқарушы күшінің, жанкештіліктің, киеліқұс – бүркіт туралы көнее вразиялы қаңыздың жаңғырығы – аспанның, атап айтқанда оттың күн күшінің және аспаннан немесе қасиетті таудан жерге сауықтыру қабілеті бар өмір ағашының жасбұтақтарын әкелген мәнгіліктің бейнесі болып табылады.
Қанатты барыс – бейбітшілік пен тәртіп сақшысының, тыныштық, айбындылық пен ерліктің символы. Барыс – Жетісу жерінің ерекшелігін бейнелейді.
Спираль – эманацияның ұлы жасаушы күшінің айғағы, айналып тұратын көккүмбезінің, күн қозғалысының, жыл мезгілдері ауысуының, Жер айналасының бейнесі болып табылады.
Таңба екібояумен: Қазақстан Республикасы Елтаңбасы сипатымен алтын және ашық көктүсте берілген.
Ашық көк – аспан мен теңіздің көрінісі – заңғар мен тұңғиықтың, сондай-ақол – жетілгендіктің, тұрақтылықтың, әділеттіліктің, берілгендіктің және абырой, ар, намыстың белгісі.
Күн тәріздес алтын түсдаңқты, құдіретті күшті, сенімді, салмақтылықты, тұтастықты паш етеді. Бұл – өмірдің көрінісі. Таңба евразия өнерінің дәстүрінде жасалған.
Сыртқы дөңгелекте «Алматы облысы» - депжазылған, ал олардың арасында екі жетібұрышты жұлдыз салынған. Жеті саны және сыртқы дөңгелектегі аласызық – ішкі дүниенің киелілігін қорғаудың нышаны.
Алматы облысы Таңбасында өткендәуірдің, бүгінгі күннің тек алға ұмтыла дамуының таңдаулы символдары және осы аймықтың тұрғындарына арналған жарқын болашақ сипатталған.
ОБЛЫС ТАРИХЫ
Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылды. Орталығы Алматы қаласы болып белгіленді. Облыс құрамына 18 аудан кірді.
1939 жылдың соңында аудандардың бір бөлігі Жамбыл және Семей облыстарынаберіліп, Алматы облысының құрамында қайтақұрылған 7 ауданды қосқанда 23 аудан қалды. 1944 жылдың наурызайындаоныңқұрамынанТалдықорғаноблысы 11 ауданменбөлініпшықты.
1959 жылдың соңында облыс құрамынан Алматы қаласы бөлінді. Осы жылы Алматы және Талдықорған облыстары біріктіріліп, 1968 жылы қайта бөлінді.
Алматы және Талдықорған облыстарының соңғы біріктірілуі 1997 жылы болды.
Облыс құрамына 16 аудан мен облыстық маңыздағы 3 қала енгізілді. (Талдықорған, Қапшағай, Текелі).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі «Алматы облысының облыс орталығын көшіру туралы» № 585 Жарлығына сәйкес облыс орталығы Талдықорған қаласы болып белгіленді.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы 223,9 мың шаршы шақырымды құрайды. Өңірде 777 елдімекен бар. Өңірде 103 ұлт пен ұлыс өкілдері бар.
Облыс орталығы – Талдықорған қаласы.
Өңір фаунасы биологиялық түрлерге бай: сүтқоректілердің 24 түрі, құстардың - 35, су жәндіктері мен балықтардың 4 түрі қатаң қорғауды қажететеді, әсіресе Республиканың Қызыл кітабына енген.
Облыс аумағында Алматы қорығы және еліміздегі төрт ұлттық табиғи парктің екеуі: Іле-Алатау және «Алтынемел» парктері орналасқан.
Алматы облысы - аграрлықаймақ. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік туғызады.
ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Алматы облысының табиғи жағдайы шөлдаладан мәңгі қаржататын аумаққа дейінгі 5 климатты қаймақтан тұрады. Климаты тымконтиненталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, таулыаймақта - 6-8 С; маусымда сәйкесінше - +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі - 300 мм дейін, аулы аймақтар мен тауда - 500-700-ден 1000 мм дейін.
http://ru.wikipedia.org/wiki/Алматинская_область
Әкімшілік-аумақтықбөлініс:
Облысорталығы - Талдықорғанқаласы, Талдықорғанқаласы мен Астана қаласыныңарасы - 1480 шақырым.
Облыс құрамына облысқа бағынышты 17 аудан және 3 қала (Талдықорған, Қапшағай, Текелі) кіреді.
1. Ақсуауданы — Жансүгір
2. Алакөлауданы — Үшарал
3. Балқашауданы — Бақанас
4. Еңбекшіқазақауданы — Есік
5. Ескелдіауданы — Қарабұлақ
6. Жамбыл ауданы — Ұзынағаш
7. Ілеауданы — Өтеген батыр
8. Қарасайауданы — Қаскелен
9. Қараталауданы — Үштөбе
10. Кегенауданы — Кеген[*]
11. Кербұлақауданы — Сарыөзек
12. Көксуауданы — Балпықби
13. Панфилов ауданы — Жаркент
14. Райымбекауданы — Нарынқол
15. Сарқанауданы — Саркан
16. Талғарауданы — Талғар
17. Ұйғырауданы — Шонжы
18. Талдықорғанқаласы
19. Қапшагайқаласы
20. Текеліқаласы
2018 жылдың 2 сәуірінде Райымбек ауданы бөлініп, орталығы Кеген ауылы болып жаңадан Кеген ауданы құрылды.