• Абай Қонанбаев атындағы мәдениет орталығ

      • Абай Қонанбаев атындағы мәдениет орталығ

      •  
      • Иранда Абай шығармаларының аудармашысына ІІ дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді
      • Иранда Абай шығармаларының аудармашысына ІІ дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді
      •  
      •  
      • slider
      • slider
      • slider
      • slider
      • Горган, 2020 жылғы 9 қараша – Иранда екі елдің байланыстары туралы көптеген еңбектердің авторы, Иран қазақтарының тарихын зерттеуші, Абай өлеңдері мен прозасының парсы тіліне аудармашысы Қажымұхамет Шатқамға ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс ету рәсімі өтті.
      • Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауға сіңірген еңбектері үшін оны марапатпен наградтау туралы Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 4 тамызда қол қойған болатын.
      • Орден тапсырылғаннан кейін Қ.Шатқам Абай еңбектерін зерделеуге арнаған 20 жылдық еңбегін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан басшылығына алғыс айтты. Ол ұлы ақынның дүниетанымының көптеген белгілері, сондай-ақ Қазақстаннан шыққан басқа да атақты Әбу Насыр әл-Фарабидің де қазақтарға, парсыларға және арабтарға ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақтығын атап өтті. Ол өзінің тарихи отанына табыс тілеп, алдағы уақытта да Иранмен мәдени байланыстарының дамуына өз үлесін қосуға ниетті екенін мәлімдеді.
      • Іс-шараның жалғасы ретінде Қазақстанның Горган қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Абай орталығының салтанатты ашылуы өтті. Оған Қазақстан Елшісі Асхат Оразбай, Иранның Гүлстан провинциясы губернаторының бірінші орынбасары Ибрахим Карим, Горган қаласы әкімшілігінің және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
      • А. Оразбай қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушының жарқын шығармашылығы туралы егжей-тегжейлі айтып, оның қалыптасуына Иран мен Шығыс пен Батыстың басқа да елдері поэзиясының классиктерінің шығармалары елеулі ықпал еткенін атап өтті. Елші ақын ретінде ғана емес, өз халқын үнемі жаңа білім іздеуге және ғылымдарды түсінуге шақырған ірі ойшыл және ағартушы ретінде оның құнды зияткерлік мұрасына ерекше тоқталды.
      • Гүлстан провинциясы губернаторының бірінші орынбасары әл-Фарабидың 1150 және Абайдың 175 жылдық мерейтойларының екі ел халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытудағы ерекше маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Иранның Гүлстан провинциясы арасында орнатылған орнаған өзара ынтымақтастық шеңберінде сауда-экономикалық, мәдени, білім, туристік және емдік туризмді дамытуда игі қадамдар жасалуда. Горган мен Ақтау арасында тікелей әуе қатынасын орнату, гүлстандық бизнесмендердің Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды іске асыру, өзара мәдени-спорттық шараларды өткізу бойынша келісулер жүргізілуде, деп жариялады И.Карими.
      • Іс-шара қонақтарына әл-Фараби мен Абайдың өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ қазіргі Қазақстан туралы баспа және иллюстрациялық материалдар таратылды.
      • Осы іс-шараға қатысу шеңберінде Гүлстан провинциясына жасаған іссапары барысында А.Оразбай өңірдегі қазақ қандастарымыздың белсенділерімен кездесулер өткізіп, қазақтар тұратын елді мекендерде болды. Сұхбаттар барысында Елші Қазақстанда болып жатқан оң өзгерістер туралы баяндап, еліміздің көші-қон саясаты мен шет елдердегі қандастарымызға көрсетіліп отырған қолдаулар жөнінде әңгімелеп берді.
      • Қазақ диаспорасы жинақы орналасқан Горган қаласында ашылған орталық ирандықтарға еліміздің мәдениеті мен ғылымы туралы ғана емес, оның өзекті саяси, экономикалық және 
      •  
      • + نوشته شده در سه شنبه بیست و هفتم آبان ۱۳۹۹ ساعت 15:36 توسط abai | نظر بدهيد



      Asqar, 23 қараша, 2020 11:10

Серіктестер