Іс-шараны жоғары оқу орны филология кафедрасының Қазақ тілі секциясының оқытушылары ұйымдастырды.
Семинар Айгүл Әділбекқызының «Абай институтының» елімізде және шетелде қазақ тілін насихаттауға бағытталған жобалары туралы таныстырылымымен басталды.
Басқосудың тәжірибелік бөлігі Мөлдір Бақытқызы орталықта әзірленген IT жобалар мен платформаларын түсіндірумен жалғасты.
Кездесудің жақсы әсер қалдырғаны соншалық, шара соңында Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында «Абай институты» кабинетін ашу ұсынылды. Сөйтіп, өзара бірлескен ынтымақтастық жұмыстарын одан әрі жүйелі түрде жалғастырмақшы.
Көзі қарақты оқырман біледі, «Абай институты» биыл мына елдерде қазақ тілі офлайн курстарын жалғастыруда: Горган (Иран), Ұлан-Батор (Моңғолия), Омбы (Ресей), Будапешт (Венгрия), Париж (Франция), Вена (Австрия), Калифорния (АҚШ), Стамбул сияқты қалаларда офлайн курстар өткізеді(Түркия), Анталия (Түркия), Варшава (Польша).
Жалпы «Абай институты» туралы толығырақ мәлімет алғыңыз келсе, төмендегі сілтеме бойынша арнайы сайтына өтіп, жан-жақты танысуға болады: https://abai.institute/