ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ | АЛАҢ | ТЕРМИНДЕР | САУАЛНАМА

ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ | АЛАҢ | ТЕРМИНДЕР | САУАЛНАМА

«Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңы қазақ терминологиясын жетілдіруді көздейтін онлайн платформа. Бұл платформаны пайдалану үшін termincom.kz сайтына тіркелу қажет.

Бас беттің жоғарғы бөлігінде бірнеше бөлім бар. Мәселен, «Термин» бөлімінде 1971 жылдан бері бекітілген терминдердің тізімімен танысуға болады. «Мақалалар» бөлімінде терминология саласына қатысты жарық көрген материалдар топтастырылған. «Библиография» бөлімі арқылы терминологияға қатысты жарық көрген еңбектер хронологиясымен танысуға мүмкіндік бар. Ал «Мектеп терминологиясы» бөлімінде мектеп оқулықтары бойынша әр пәннің терминдері анықтамаларымен қоса жарияланған.

«Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңының мүмкіндіктері:

• терминдердің қазақша баламасын ұсына аласыз;

• қазақ терминологиясы бойынша пікір қалдырып, ойыңызбен бөлісе аласыз;

• қолданушылар арасында сауалнама жүргізе аласыз;

• терминологияға байланысты мақала немесе пост жариялай аласыз;

• терминдердің қазақша баламаларына байланысты сұрақтарыңыз туындаса, termincom.kz сайтынан көре аласыз.

Бөлісу