ЮНУС ЭМРЕ ОРТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ

ЮНУС ЭМРЕ ОРТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН  КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ

Бұл орталық қос бауырлас ел Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени қарым-қатынастарды нығайту мақсатымен түрлі айтулы іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Соның ішінде тіл үйрету мәселесі де болғандықтан, Орталықпен ұдайы тығыз қарым-қатынаста.

Құсни-хат дегеніміз ислам мәдениетінің ажырамас айшықты бөлігі, нақыштап көркем жазу өнері болып табылады. Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш каллиграф Мәдинаның бұл өрнекті тылсым өнермен айналысқанына үш жылдан астам уақыт болыпты. Осы жылдар ішінде оның қолынан 150 туынды жарық көрген.


Түрік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мустафа Капуджу мырза көрме аралау барысында Орталық өкілдерімен жылы мазмұнда пікір алмасты. Атқарушы директор Лиза Қожаққызы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу мерейтойына арналып, тұсауы былтыр Парижде кесілген ұлт ұстазының қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жарық көрген кітаптарын тарту етті.

Көрмеге Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығынан басқа, еліміздің зиялы қауым өкілдері мен өнер сүйген жұртшылық қатысты.


Бөлісу