ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Елімізде қазақ тілін реформалау мәселесі, әліпбиді латын графикасына көшу үдерісі ғылыми негізде жүріп жатыр. Тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара шетелдік және отандық ғалымдар арасындағы ортақ тақырыптар бойынша әріптестік байланысты одан әрі өрістетуге кеңінен жол ашты.

Іс-шараға қатысқан шетелдік ғалымдар түркі халықтарындағы тіл мен жазу реформасына қатысты тәжірибелері мен жетістіктері, осы жолда кездескентүрлі мәселелер ғылыми және әдістемелік тұрғыдан баяндады.

Семинар кеңесті Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е.Е.Тілешов жүргізді. Ғылыми басқосуда Баку славян университетінің профессоры Н.С.Новрузова әзербайжан тіліндегіемлесіқиын сөздердің жазылуына, Загреб университеті Түркология кафедрасының доценті, PhD Е.Г.Нас түрік тілінің «İmlâ Kılavuzu» негізінде шеттілдік сөздерді игеріп жазу мәселесіне, Әжнияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының докторы Ә.К.Пирниязова бірге және бөлекжазылатын сөздер емлесіне,Хорезм облыстық педагогтерді оқыту ұлттық орталығы Тілдерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Н.Э.Сабирова қазіргі өзбек жазуындағы емле және әдістеме мәселесіне тоқталды.

Семинарда отандық танымал ғалымдардан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, PhD Е.Маралбек, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ахметтану бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Күдеринова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасының профессоры О.С.Жұбай және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түрксой кафедрасының доценті, PhD Е.А.Қуанышбаев қазақ тілінің орфография мәселелеріне баяндама жасады.

Іс-шараның барысында отандық және шетелдік ғалымдардыңемле мәселесі, сондай-ақтерминдердіжазу, аудару, біріздендіруге қатысты пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Сондай-ақ, төл және кірме сөздер, күрделі сөздер, атаулармен терминдерді латын әліпбиімен жазу тетіктерінің модельдері ұсынылды. Емле ережелерін оқытудың әдістемелік мәселелері бойынша да тәжірибе жинақталды.






Бөлісу