Осы халықаралық бас қосуда туыстас тілдерді оқытуға арналған «Қазақ тілі. А-1, А-2, В-1, В-2» оқу-әдістемелік кешенінің тұсаукесер рәсімі өтті. Кешенді дайындаған топтың жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қадашева. Авторлар бірлестігі – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ұ.О.Асанова, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Омарова.
Оқу-әдістемелік кешенді аталмыш университеттің дайындық бөлімінде педагогика ғылымдарының кандидаты Ақбота Мырзаханова басқарған қазақ тілі кафедрасының оқытушылары 1 жыл бойы апробациядан өткізді.
Оқу-әдістемелік кешен – әдіскер-оқытушылардың жылдар бойы жинаған тәжірибелерінің нәтижесі. Басты ерекшелігі – оның құрылымында, ассоциациялық сөздіктердің берілуінен, туыстас тілдерге ортақ сөздік қорды беру арқылы тілді меңгеруді жеңілдетуінен, салыстыру әдісін қолданып, тіл үйренушінің қазақ тілі туралы білім қорын қалыптастыруынан көрінеді.
Осы кешен авторларының бірі, әріптесіміз София Қажиакпарқызына сәттілік тілейміз!