"Абай институтының" жетекшісі Айгүл Орманова «Шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирреденттерге арналған қазақ тілін үйретудің әдістемесі қалыптасты» тақырыбында баяндама жасаса, Әдістеме басқармасының жетекші ғылыми қызметкері Ләйлә Демесинова «Тіл үйретуде Soft Skills (жеке тұлғалық дағдылар) қалыптастыру әдістемесі» тақырыбында баяндама жасады. Әсіресе, шетелдегі офлайн сыныптар мен «Қазақ тілі» әмбебап оқулығы, тіл үйретудегі тиімді әдіс-тәсілдер жайлы айтылды.
Шара соңында сертификат табысталды.