Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
Байқау жарияланған жобаның атауы (тұжырымдамасын мен толық техникалық сипаттамасы электронды нұсқада берілді):
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН БЕЙНЕБЛОКТАР ӘЗІРЛЕУ.
Байқауға қатысу үшін Өтінім беруші келесі пункттерді толығымен орындауы қажет:
-Бағалық ұсыныс;
-Тақырыпқа байланысты пилоттық нұсқа;
-Толық толтырылған өтінім.
Жобаға байланысты бағалық ұсынысты, өтінімді және пилоттық нұсқаны көрсетілген мекенжайға тікелей алып келулеріңізге немесе пошта арқылы электронды күйде жолдауларыңызға болады.
Астана қаласы Сығанақ көшесі 43, «Аңсар» бизнес орталығы,
2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.
Телефон: 8(7172) 27-71-33
Пошта: tilalemy@gmail.com
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2023 жылдың 26 мамыр, сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).
Сараптамалық кеңестің отырысы 2023 жылдың 29 мамыр, сағат 16.00-де Zoom платформасы арқылы өтеді (Байқауға қатысушылар кеңес отырысына кіргізілмейді).
Ескерту!
Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.
Сұрақтар бойынша 8(7172) 27-71-33 нөміріне (tilalemy@gmail.com) хабарласыңыз.
Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнеблоктар әзірлеудің техникалық сипаттамасы (word нұсқада):
http://cloud.tilqazyna.kz/index.php/s/wqZqMwMcT38oDHa
http://cloud.tilqazyna.kz/index.php/s/grT2GPn2EtTswsi
Өтінім үлгісі: