Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» оқулығының С1-жоғары деңгейі әзірленді. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 23 қаңтарда онлайн режімде (ZOOM платформасы) Астана уақытымен сағат 16:00-де Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» оқулығы С1-жоғары деңгейінің тұсаукесерін өткізеді. Шараның мақсаты – отандық және шетелдік қазақ тілін үйрету, мәдени орталықтарына, Қазақстанда және Қазақстан аумағынан тыс жерде тұрып, қазақ тілін үйреніп және үйретіп жүрген азаматтарғ ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.
Оқулықтың тұсаукесері барысында авторлар оқулық таныстырылымын жасайды, сондай-ақ отандық және шетелдік қазақ тілі оқытушылардың әдістемесі талқыланады. Сондай-ақ бұл еңбекпен қайдан және қалай танысуға болатыны туралы толық ақпарат беріледі.