ТҮРКИЯНЫҢ «TÖMER» ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

ТҮРКИЯНЫҢ «TÖMER» ОРТАЛЫҒЫ  ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Түркиядағы бұл беделді жоғары оқу орнының түрік тілін үйретуде үлкен тәжірибесі бар. Қазақ тілін шетел азаматтарына үйрету бойынша бастама «TÖMER» орталығы тарапынан ұсынылды. Орталық қазақ тілін оқытуды да қолға алмақ ниетте екенін жеткізді.

Бас директор Мақпал Жұмабайдың айтуынша, университет басшылығымен қазақ тілін үйрету бағытында әдістеме, оқулықтар, қосымша материалдар әзірлеуде өзара тәжірибе алмасу келісілді. Сонымен қатар, қазақ және түрік тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы мұғалімдерді дайындау тәжірибесі ортаға салынбақ. Екі жақты кездесу негізінде меморандум қабылданады.


Бөлісу