Онлайн басқосуда Орталық шығарған қазақ тілі оқулықтары мен түрлі жобалары, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі мәселелері қарастырылды.
Әдістеме lab жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Мақсұтқызы «Қазақ тілін оқытудағы «Тіл-Қазынаның» IT жобалары» туралы жан-жақты айтып берсе, ғылыми қызмет, PhD Ләйлә Мұратқызы «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту және«Til Qural» жөнінде әңгімеледі. Орталықтың «Абай институтының» жетекшісі, филология магистрі Айгүл Әділбекқызы «Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудағы «Әмбебап оқулығының» рөлі жайында сөз қозғады.
Семинар барысында Түркияның әртүрлі ЖОО оқытушылары қазақ тілін оқытудағы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, «Тіл-Қазына» орталығымен бірлесе атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарын білдірді.
Түркияның оқу орындары мен қазақ тілінің оқытушылары, негізінен, Орталықтың жобалары мен оқулықтарын пайдаланатынын, олардың тиімділігін, сондықтан әрі қарай жұмыс істеуге дайын екендерін айтып, алғыстарын білдірді.
Әдістеме lab осы мазмұндағы шараларды жиі ұйымдастырмақшы.