Түрік Республикасының Қазақстандағы Өкілетті және Төтенше Елшісі Мустафа Капуджу қатысқан салтанатты шарада кітапхана қорына қазақ тіл ғылымының атасы, ұлы реформатор Ахмет Байтұрсынұлының қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдеріндегі таңдамалы шығармаларын табыс етті.
Бірден айту керек, «көрген де арманда, көрмеген де арманда» төрт кітаптың тұсауы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы аясында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде кесілген еді.
«Тіл-Қазынамен» тығыз байланыста келе жатқан Түрік мәдениет орталығының айтулы шарасына еліміздің зиялы қауымы мен Түркияның Қазақстандағы ұйымдары өкілдері қатысты.