Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Әділбекқызы тәжірибелі де білікті маман ретінде қазақ тілін үйретумен айналысып келеді.
«Жақында «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған Тұжырымдамасының» жобасы талқылауға шықты. Бұл мемлекеттілігімізді нығайтатын, рухымызды асқақтататын, елдігімізді айғақтайтын өміршең де өзекті құжат болады деген ойдамыз. Әмбеге аян бір ақиқат, халқымыздың ары да, бары да – тіл. Әсіресе, мемлекеттік тілге сұранысты қалыптастыра алсақ, мемлекеттік бағдарламаның мақсаты да, оны іске асыруға байланысты біздің ұмтылысымыз бен нақты нәтиже де бір арнада тоғысып, ана тіліміз төрге озар еді»,– дейді АйгүлӘділбекқызы.