СЕМИНАРДЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ

СЕМИНАРДЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ

Республикалық физика-математика мектебінің оқытушысы Рахат Омашқызы Əзімбаева республикалық іс-шараның екінші күнінде өз дәрісін фильм, мультфильмдерді қолдану арқылы тіл үйренушінің тілдік қорын байыту мәселесіне арнады. Жаһандану үдерісіндегіқоғам өміріндегі саналуан бетбұрыстармен бірге, тілді оқыту үрдісі детүбегейлі өзгерістерге ұшырағаны анық.Тіл үйрету барысында жаңа технологияларды, ғылым жетістіктерін айналып өту мүмкін емес. Осы тұрғыда дәріскер кәдімгі көпшілік қызықтап жүрген фильмдерді қолдану жөнінде қызықты етіп әңгімелеп берді.

Әдеттегіше «Сөзден іске» практикалық жұмыстарынан кейін, мəнмəтінмен жұмыс тəсілдері туралы кеңінен сөз болды. Семинар ертең аяқталады.






Бөлісу