СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Іс-шараны Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек кіріспе сөз сөйлеп ашты. Алаштың арысы Жүсіпбек Айтмауытов: «Бала әуелі тәжірибеге талпынып, нәрсемен танысып, сонан кейін сол нәрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін» деген екен. Сол айтқандайын, тіл үйренушінің сөйлеу әрекетін қалыптастыратын

айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым секілді төрт дағдысын дамытудың тиімді әдістеріне арналған бұл республикалық бас қосу үш күнге созылмақшы.

Алғашқы дәрісті Республикалық физика-математика мектебінің оқытушысы Р.Əзімбаева бастады. Жаңашыл, талапшыл, бастамашыл қасиеттерімен кеңінен танымал тәжірибелі де білікті маман Рахат Омашқызы тіл үйренушінің коммуникативтік дағдыларын дамыту ерекшеліктерінен бастап, тілді қоғамдағы қатынас құралы ретінде меңгерту жолдары жөнінде кеңінен әңгімелеп, «Сөзден – іске» деп аталатын практикалық жұмыстарға көшті.

Семинар ертең өз жұмысын жалғастырады.




Бөлісу