САРАПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРАПТАМА КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасында Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, шығару жәнетаратуды» жүзеге асыру мақсатында ұсынылған оқу-әдістемелік құралдардың ішінен үздіктерін іріктеу үшін арнайы құрылған сараптау комиссиясы бірден жұмысына кірісіп кетті.

Әділін айту керек, еліміздің түкпір-түкпіріндегі Тілдерді оқыту орталықтары әдеттегідей белсенділік танытып, бұл жолы мемлекеттік тілді оқытуға арналған 30-ға жуық оқу-әдістемелік өнімді сараптама комиссиясының талқысына ұсынды. Әсіресе, Павлодар, Қызылорда, Алматы,Қостанай, Жетісу, Абай,Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстары қызу атсалысты. Сондай-ақ еліміздің жеке тұлғалары мен басқа да мүдделі мекемелер бақ сынасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жылдан-жылға ұсынылған өнімдердің санымен бірге, сапасы да жақсарып келе жатқан көрінеді. Енді іріктеуден өткен бұл туындылар кітап ретінде баспа жүзін көретін болады.



Бөлісу