Алаңға жалпы 841 термин салынды, соның 593-і жүз пайыздан дауыс жинады. Қалған 248 термин отырыста талқыланды. Отырысқа Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, сала мамандары қатысты. Комиссия шешіміне сәйкес мақұлданған терминдер «Терминологиялық хабаршы» электронды журналында және «termincom.kz» сайтының "Термин" бөлімінде жарияланады.