Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелердің басшылары мен сала мамандары, белгілі ғалымдар жан-жақты сараланған талдаулар жасайды. Сонымен қатар, қазақ тілінің ахуалы мен міндеттері талқыланбақшы.
Шара барысында «Аталардың аманатына адал болайық», «А.Байтұрсынұлы» және т.б. танымдық бейнероликтер көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Іс-шараға онлайн форматта әкімдіктердің мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға жауапты құрылымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысады.
Өтетін орны: Астана қ., Сәтбаев көшесі, 2, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Өтетін уақыты: 15.00 сағат.
Байланыс телефондары: 8-705-150-49-94