Қазақ тілінде сөйлейтін экран дикторы iOS жүйесіне қосылды

Қазақ тілінде сөйлейтін экран дикторы iOS жүйесіне қосылды

Apple компаниясы iOS операциялық жүйесінің 18-нұсқасын жуырда жаңартады. Бұл нұсқаға қазақ тілінде еркін әрі табиғи акцентімен сөйлей алатын Ару есімді қыздың дауысы қосылған.

Бұл функцияның артықшылығы көру қабілеті шектеулі қолданушылар iOS жүйесіндегі VoiceOver қосымшасында енді қазақ тіліндегі ақпараттарды еркін тыңдап, толық пайдалана алады. Дыбыстық басқару арқылы қазақ тілінде мәтінді оқып беру, навигация функциясымен басқа да мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.

Бұрын бұндай мүмкіндік iOS операциялық жүйесінде болмаған. Apple компаниясы iOS 18-нұсқасының ресми шығарылымын 2024 жылдың қыркүйегінде жариялауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тілінің цифрландыру бағытында ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі ең танымал Android және Windows жүйелеріне арналған экрандық диктор қосымшаларын ұсынған болатын. Қазірдің өзінде тұрақты қолданушылары бар 10-нан аса IT жобалар қолданыста.

Орталықтың бастамасымен әзірленген қосымшалар ана тілімздің қолдану аясын кеңейтуге және заманауи технологиялар арқылы қазақ тілін  үйретуге бағытталған.

iOS жүйесіндегі экрандық дикторды қолдану бойынша нұсқаулықты https://screenreader.tilqazyna.kz/ сілтемесі арқылы көре аласыздар.


Бөлісу