Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру тапсырмасына қатысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтқан мәселені толықтыра кетті.
Қазіргі таңда кез келген тілдің болашағы тікелей цифрлық әлеміне байланысты. Яғни тілдің цифрлық алгоритімін қамтамасыз ету оның тірі қалуының кепілі, - деді ол.
Осы орайда министр «Тіл-қазына» ғылыми-зерттеу институтының атқарып жатқан жұмысына тоқталып өтті.
Ол институт толыққанды лингвистикалық корпусымызды пысықтап жатыр. Лингвистикалық корпусты толыққанды цифрлық форматқа көшіріп жатыр. Google, Microsoft компанияларымен да келісіп жатырмыз. Қазақ тілі солардың виртуалдық көмекшілерінің, қазіргі жасап жатқан жасанды интеллектінің ішінде болуы керек, - деді ол.