Қазақ диаспрорасы үшін маңызды іс

Қазақ диаспрорасы үшін маңызды іс

Бүгін Қазақстан Республикасының Түркия Республикасы және Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сапиев қазақ диаспорасымен мақсатты жұмыс ұйымдастыру шеңберінде, Түркияның Конья провинциясы Қаратай ауданындағы «Исмаил қазақ түріктері мәдени және әлеуметтік көмек қоғамының» басшылары Мехмет Әлім және Абудлқайым Тимурмен (ТР азаматтары) арнайы кездесу өткізді. Кездесу соңында «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұсынған "Kazakh primer" атты шетелдегі қазақ балаларына арналған оқулықты Қоғамның кітапханасына табыстады. Аталған басылымды шетелдегі қазақ балаларына өз ана тілдерін үйретуді мақсат тұтқан алғашқы өнімдердің бірі екенін атап өтіп, диаспора арасында қазақ тілінің қолданыс аясын көтеруге септігін тигізетінін тілге тиек етті.

Бөлісу