Біздің Отанымыз – Қазақстан.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, ел тәуелсіздігіне бастар тарихи жолдың негізі қаланды.
Республика күні – мемлекеттілігімізді, ел бірлігін, туған жерге деген құрмет пен жауапкершілікті айшықтайтын маңызды мереке.
Отанға қызмет ету әр салада көрінеді. Біреу білім береді, біреу ғылыммен айналысады, біреу ел мәдениетін танытады. Ал Абай институты қазақ тілін халықаралық деңгейде оқыту, оның қолданыс аясын кеңейту және қазақ мәдениетін әлемге таныту арқылы осы ортақ мұратқа өз үлесін қосып келеді.
Әлемнің әр қиырында қазақ тілін үйреніп жүрген әрбір адамның талпынысы – еліміздің тілі мен мәдениетіне деген құрметтің көрінісі.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға амандық, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Еліміздің мерейі үстем, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын!
Республика күні құтты болсын!