Польшалық Мирелла Гливиньска Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығына келіп, қазақ тіліне, мәдениетіне деген ризашылығы мен сүйіспеншілігін білдірді.
Ол кәсіби Сторителлер, яғни әңгімелеу мен театрландырылған перфоманс ұйымдастырушысы. Қазақ ертегілері мен жырларын поляк тіліне аударып, қойылымдар қояды. Польшада қазақ мәдениетін таныстырып жүрген азаматша. Қазақстанды танып, білуіне Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы тікелей себеп болған. Димаш Құдайбергеннің фан клубы ашқан Варшавадағы "Димаш радиосында" қазақ ертегілері мен әңгімелері туралы хабар жүргізген.
- Димаш арқылы қазақ мәдениетін танып жатырмын. Қазақ халқы бүкіл болмысымен маған өте ұнайды”, - дейді.