Ақтөбе қаласы М.Әлімбаев атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектебінде өткен бас қосуға қатысушыларды Орталықтың Әдістеме LAB бөлімінің ғылыми қызметкері Л.Демесінова, институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты Н.Абишева, мектеп директоры Ш.Баядилова құттықтады.
Шара барысында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы директоры К.Серғазина, облыс педагогтері А.Орынбаева, А.Қасенова, Ж.Жанғазина (М.Әлімбаев атындағы №25 ЖББОМ), А.Оразаева (Мартөк ауданы, Хлебодаровка ЖББОМ), Г.Пайызова (Мартөк ауданы, Қызылжар ЖББОМ) тіл үйретудегі тиімді және нәтижелі әдістерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында алқаға түскен озық технологиялар мен жаңашыл әдістер қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырса, мемлекеттік тілді оқытудың үздік әдіс-тәсілдері, орталық мамандарымен өзара тәжірибе алмасу жұмыстары облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік біліктерінің шыңдалуына серпін берді.
Іс-шара модераторы бас әдіскер М.Әділханова Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылап, мемлекеттік тіл мәртебесін көтерудің қажеттілігі бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екендігіне ерекше тоқталды, ынтымақтастық үшін серіктестерге үлкен алғысын білдірді.