МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДА ҚЫЗУ ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ

МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДА ҚЫЗУ ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ

Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы Жазира Искакова мен басқарманың ғылыми қызметкері Айгүл Орманованың серіктестіктің қызметкерлеріне ұйымдастырып өткізген қазақ тілі сабағы – осы құжат аясында атқарылар игі істердің алғашқы қарлығашы іспетті.

Бірден айту керек, алғашқы сабақ қатысушылар көңілінен шықты.

«Күнделікті тұрмыста, кәсіпте, түрлі ресми шараларда қазақ тілінің қолданылу аясы мен өрісі кеңіп келе жатқаны даусыз ақиқат. Екіжақты құжаттың басты міндеті, сайып келгенде, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ана тілімізді асқақтату. Дәріс барысында заманауи тіл меңгеру үдерісін ескере отырып, тілді жылдам әрі оңай меңгерудің түрлі тәсілдерін кеңінен пайдаланатын боламыз. Сабақ барысы мейлінше тартымды өтуі қажет. Қазақ тілін оқытып, үйретіп жүрген оқытушылар мен ұстаздарға әдістемелік көмек, қолдау көрсетуді де басты назарда ұстаймыз», дейді ұйымдастырушылар. Олардың айтуынша, мұндай екіжақты тиімді меморандумға отыру үрдісі әрі қарай өз жалғасын таба беретін болады.


Бөлісу