МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ АНА ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ, ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ЕРЕЖЕСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ АНА ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ, ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ЕРЕЖЕСІ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    • Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» және тағы да басқа нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес, мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен олардың баспа және электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырудың талаптарын белгілейді.
    • Ереже талаптарын мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуші авторлар, олардың үздіктерін анықтаушы сараптама комиссиясы мен баспа және электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырушылар, редакторлар мен корректорлар т.б. салалық мамандар орындауға міндетті.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӨНІМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

    • Оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал – ересектер мен балаларға, шетелдік азаматтарға тіл үйрену үдерісінде және оқытушылар мен әдіскерлерге тіл үйрету үдерісінде қолданылатын жаңа технологиялар мен озық тәжірибелер негізінде дайындалған әдістемелік құрал.
    • Оқу-әдістемелік кешен – тіл үйренушінің білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған оқулық, оқу құралдарына ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы.
    • Әдістемелік нұсқаулық – тіл үйрету әдістемесінің мәселелері қамтылған және оқу-әдістемелік кешенді дұрыс қолдану тәсілдерін баяндайтын оқытушылар мен әдіскерлерге арналған жетекші құрал.
    • Әдістемелік жинақ – ғалымдардың, әдіскерлердің әдістеме тақырыбындағы еңбектері топтастырылған жинақ.
    • Жұмыс дәптері – тіл үйренушілерге арналған оқу құралының қосымша дәптері.
    • Мәтіндер жинағы – тіл үйренушілерге арналған көркем, публицистикалық, танымдық мәтіндер жинағы.
    • Тілашарлар тіл үйрету мақсатында қолданылатын, белгілі бір лексикалық мазмұнды қамтитын балаларға, ересектерге, туристерге т.б. арналған екі, үш, көптілді тілашарлар.
    • Тіл үйренуге арналған дидактикалық материалдар (карточкалар, аудио/бейне жазбалар, қолданбалы т.б. өнімдер).
  • САРАПТАУ КОМИССИЯСЫ
    • Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ұсынылған оқу-әдістемелік құралдардың ішінен үздіктерін іріктеу үшін арнайы сараптау комиссиясы құрылады.
    • Комиссия құрамына қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдар, тіл мамандары, әдіскерлер, келіп түскен материалдардың түрлеріне қарай т.б. мамандар кіреді.
    • Комиссия құрамын Тіл саясаты комитеті бекітеді.
    • Сараптау комиссиясының отырысы ұйымдастырылады.
    • Комиссия жұмысының нәтижесі жабық дауыс беру арқылы анықталады.
    • Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші дауысқа ие болады.
    • Ұсынылған еңбектермен танысу үшін комиссия мүшелеріне еңбектердің электрондық нұсқалары мен аннотациясы, ұсыныс хаттары алдын ала жолданады.
    • Комиссия жұмысы хаттама ретінде рәсімделеді, комиссия мүшелерінің пошталарына хаттама жобасы жолданады, келісілген соң қағаз күйінде шығарылып, қолдары қойылады.
    • Сараптау комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өнімдерін ұсына алмайды.
    • Бұрын жарық көрген өнімдер қабылданбайды.
  • САРАПТАУ КОМИССИЯСЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
    • Ұсынылған еңбектер Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына, индикторларына және осы ереженің 2-ші тармағына сай болуы қажет.
    • Еңбектердің мазмұны еліміздегі тіл саясатына, қоғамдық этикаға, моральдық талаптарға сай болуы тиіс.
    • Ғылыми-әдістемелік құралдар мемлекеттік тілді үйрету әдістемесін жетілдіру немесе тілдерді үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну бағытында дайындалған болуы керек.
    • Әдістемелік құралдар қазақ тілін үйретудің қазіргі заманауи талаптарына сәйкес болуы қажет.
    • Ұсынылған еңбек бұрын мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрмеген болуы керек.
    • Ұсынылған еңбектерді сараптама барысында жаңашылдығына, заманауи технологияны қолдану деңгейіне басымдық беріледі.
    • Ұсынылған еңбектерге міндетті түрде сол сала бойынша 2 (екі) ғалымның пікірі болуы керек.
    • Ұсынылған еңбектер мазмұнының дәлдігіне, тілдік сауаттылығына және деректердің растығына авторлар жауап береді.
    • Сараптау комиссиясы мақұлдаған еңбектің ҚР Әділет министрлігі тарапынан берілетін авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі болуы тиіс, авторлық құқық алу өнім берушінің жауапкершілігінде.
    • Іріктеуден өтпеген өнімдер қайта қарауға және талқылауға жатпайды (өтпегені туралы анықтама немесе негіздеме берілмейді).
  • ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
    • Ереже Қоғамның tilalemi.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.
    • Өнімдерді тілдерді оқыту орталықтары (жеке, мемлекеттік), тіл үйретуде тәжірибесі бар жеке тұлғалар, шетелдік азаматтарға қазақ тілін үйрету әдістемесі бойынша тәжірибесі бар ұйымдар мен мекемелер ұсына алады: tilortalyk@mail.ru
    • Өтінімдер 2023 жылдың 3 шілдесінен бастап 20 қыркүйекке дейін қабылданады.
    • Өтінімге төмендегі материалдар қоса беріледі:
  • ӨТІНІМ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР МЫНА ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАРАЛМАЙ, КЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
    • Көрсетілген мерзімінен кеш ұсынылған еңбектер.
    • Осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер.
    • Құжаттар тізімі толық тапсырылмаған жағдайда.

Сараптау комиссиясы мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуде келесі әдістемелік еңбектерді қарастырады.

Байланыс телефоны:

44-88-68

+7 701 318 48 18

+7 708 325 66 95

  • Осы ереженің 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес толтырылған өтініш;
  • Осы ереженің 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес толтырылған өнім туралы анықтама;
  • Ұсынылған өнім А4 форматында, Times New Roman қаріп түрімен, №14 өлшеммен, «бірлік» жол аралығымен терілген еңбектер электронды нұсқада PDF форматында (CD диск) ұсынылып, авторлары, жетекші ұйымдары көрсетіледі;
  • Өнімнің мазмұнына сәйкес аудио және бейне нұсқалары немесе мультимедиялық қосымшалары болған жағдайда әдебиетпен бірге ұсынылады.


1, 2 қосымшаға сілтеме


Бөлісу