Түркияның Анкара қаласында Абай институты ұйымдастырған қазақ тілінің оффлайн курстары өз мәресіне жетті. Сабақтар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі Салтанат Ұзақбайқызының жетекшілік етуімен 2025 жылғы 09 сәуірден бастап жүргізіле бастады. Курстың бірінші кезеңі 2025 жылғы 1 сәуір – 31 маусым аралығында өткізілсе, екінші кезең 07 қыркүйек – 26 қазан аралығында өтті. Жалпы, биыл курсқа А1 және А2 деңгейлері бойынша қазақ тілін үйреніп жүрген 15 оқушы қатысты. Курс соңында өздерінің білімдерін тексеру және тілдік деңгейін анықтау мақсатында оқушылар емтихан тапсырды. Емтихан қорытындысы бойынша, 10 оқушыға сертификаттар табысталды.



