КОНФЕРЕНЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУ ӨРІСІ

КОНФЕРЕНЦИЯ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУ ӨРІСІ

«Қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі әлеуеті», «Қазақ тілін реформалау мәселесі», «Баспа ісінің тіл мәдениеті», «БАҚ, мемлекетшілдік және тілдік-мәдени ұстаным», «Қазақ тілінің әуен-әуезі», «Интернеттегі тіл экологиясы: қазақ сөз мәдениетінің көрінісі» секілді тақырып аясында белгілі тұлғалар мен ғалымдар қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі әлеуеті жайында сөз қозғап, тіліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кейбір жәйттерді кеңінен талқылады.

«Қазақ тілі – жер бетіндегі 6000-нан астам тілдің ішіндегі дамыған алты жүз тілінің бірі, оның ішінде алғашқы жетпіс тілдің ортасында, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған 259 тілдің бірі, бірнеше халқаралық ұйымдардың тілі, халықаралық қатынас тілі, Қазақстан аумағынан тысқары жердеде қаншама халықтың қолданысындағы тіл, түркі тілдерінің ішінде түп төркінін сақтаған тіл. Демек, қазақ тілінің ғылым тіліне айналу мүмкіндігі шексіз»,- деп атап көрсетті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова.

Республикалық шараға қатысқан ғалымдардың пайымдауынша, Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру тек тіл ғалымдарының қатысуымен ғана атқарылатын шаруа емес. Сондықтан ғылымның әр саласындағы мамандар өзара ынтымақтаса отырып, ғылыми тілді жүйелеу керек. Бұл жайында әлемдік тәжірибе жеткілікті.

Сондай-ақ, ауызекі тіл мен әлеуметтік желі тілінің де тезірек шешімін табуға тисті мәселелері баршылық.

Қазақ тілін дамыту – баршамыздың ортақ парызымыз.


Бөлісу