2024 жылдың 9 сәуір күні Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде «Жасанды интеллект және әдебиет: ChatGPT-мүмкіндіктері мен қайшылықтары» тақырыбында семинар өтті. Осы іс-шараға Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қолданбалы лингвистика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Төкенқызы онлайн түрде қатысты. Ол университет білім алушыларына «Компьютерлік лингвистика» туралы туралы мағлұмат берді. «Тіл-Қазына» ҰҒПО ұжымының осы бағытта атқарып отырған еңбектері жайлы, орталық әзірлеген, үздік бестікке енген өзекті жобалар туралы ақпаратпен бөлісті.