ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚША ТҮСІНЕ БАСТАЙДЫ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚША ТҮСІНЕ БАСТАЙДЫ

Аталған компания мен «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тілін тануға қабілетті жасанды интеллектіні және сөйлеу синтезін дамытуға бірлесе күш салады. Бұл – қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру бойынша атқарылып жатқан ең үлкен қадамдардың бірі. Демек болашақта «Siri», «Алиса» сынды дыбыс көмекшілері қазақ тілінде айтылған барлық ақпараттарды сапалы өңдеп, талдай алады. Бастама жүзеге асқаннан кейін мұны мемлекеттік мекемелер мен бизнес саласында да кеңінен қолдануға болады. Бұл қызмет көрсету саласын оңтайландыруға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мұндай үлкен жобаның сәтті жүзеге асуы үшін аса үлкен көлемдегі сапалы контент қажет. Сәйкесінше, мұндай ауқымды контентпен қамтамасыз ету міндетін «Тіл-Қазына» орталығы жүзеге асырады.


Бөлісу