«Ғалыммен күш біріктіретін бағыттарымызды ортаға салдық. Қазақ тіліндегі ым әліпбиі мен ым тілінің стандарты, сөз қоры туралы ой бөлісіп, орталығымыздың ғылыми әлеуетін осы мақсатта пайдалануға шақырдым»,– деп жазды Орталықтың Бас директоры Мақпал Жұмабай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Нұрзада Амангелдінің қолға алған ғылыми жаңалығы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қазақ тілінде білім алуына, медициналық және мемлекеттік мекемелердің қызметін толыққанды пайдалануына және еркін сөйлесуіне мүмаіндікбереді.