«Сапарымыздың алғашқы күні кәдімгідей олжалы басталды. Бұл келісіміздің мәнісі біздің орталық ғалымдары түрік мұғалімдерімен бірігіп, түріктілді аудиторияға арналған қазақ тіліндегі оқулықтарды басып шығару мәселесімен байланысты еді. Осыған орай, Елші кездесу барысында халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, бұл бағыттағы өз құнды ұсыныстарын білдірді. Біздің Түркиядағы әріптестерімізбен біріккен қадамымызды құптап, әрқашан қолдау білдіретінін жеткізді»,– деді өз әсерімен телефон арқылы бөліскенәріптестеріміз. Олардың айтуынша, бұдан басқа тіл оқыту курстарын ашу мүмкіндігін қарастыру, осы бағытта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жөнінде айтылған.