Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалымдары қазақ тілін үйретудің деңгейге сәйкестендірілген нақты жүйесін жинақтап, А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлеріне арналған лексикалық және грамматикалық құрылымдардың толық тізімін жасап шығарды.
Ұлттық академиялық кітапханада ғалымдар мен оқытушылар қауымының қатысуымен Лексика-грамматикалық минимум негізінде әзірленген оқу құралдарының таныстырылымы өтті.
Лексика-грамматикалық минимумдар (ЛГМ) - отандық тәжірибеде алғаш рет дайындалып, халықаралық CEFR стандарттарына (Common European Framework of Reference – шет тілдерін меңгеру бойынша жалпы еуропалық стандарттар) толық сәйкес келетін әдістемелік өнім. ЛГМ тіл үйренушілерге қазақ тілін жүйелі, ғылыми негізделген және тиімді тәсілдермен меңгеруге мүмкіндік береді. Оқу құралдары тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын үйлестіріп, тілдік кедергілерді жеңуге көмектеседі. Әр деңгейге арналған белсенді лексика мен грамматикалық құрылымдар қазақ тілін үйренушілердің күнделікті қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған.
ЛГМ құрастырушыларының ішінде халықаралық деңгейде әдістемелік тәжірибесі бар лингвист-ғалымдар: А.Қ. Балабеков, Н.Ж. Дәулеткереева, Л.М. Демесінова, Ж.М. Ысқакова, А.М. Қалиева, Г.А. Мұсаева, Ж.К.Сүйінжанова.
Лексика-грамматикалық минимум негізінде әзірленген А1, А2 оқу құралдары қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытатын мекемелерге ұсынылып таратылды.
Авторлары: А.Қ. Балабеков, С.Е.Мұсабекова
Авторлары: Л.М. Демесінова, А.М. Қалиева
Іс-шара барысында қазақ тілін үйренуші түрлі этнос өкілдері мен шетелдегі қандастарымызға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында шығарылған тағы да бірқатар оқу құралдары мен кітаптар таныстырылды.
Авторлары: Ж.Ерекешова, Ш.Қайбрахман, А.Орынбаева
Авторы: Т. Айтмағанбетова
сөздіктер
Авторлары: А.А.Игенова, М.Ш.Ағымбаева, А.З.Амантаева, А.Гаипова
Авторлары: Ж.А.Тұрлыбекова, А.С.Ошанова
Авторлары: О.Қойчибеков, М.Қуандық
Авторлары: Н.Бирай, Г.Құрманғалиева-Ерджиласун, С.Ұзақбайқызы,
Л. Есбосын, Ж.М. Искакова
Авторлары: Э.Масагутова, У.Ахметжанова