Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Абай институтының жетекшісі Айнұр Төлеу “Abai TV” телеарнасының “Сарасөз” бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Айнұр Болатқызы Абай институтының порталы, арнайы мобильді қосымшасы және институттың қазақ тілін оқыту бағытындағы атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.