Абай институтының жетекшісі «Jibek Joly» телеарнасына сұхбат берді

Абай институтының жетекшісі «Jibek Joly» телеарнасына сұхбат берді

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Абай институтының жетекшісі Төлеу Айнұр Болатқызы «Jibek Joly» телеарнасының «Bugin live» бағдарламасына сұхбат берді.

Айнұр Болатқызының айтуынша, Абай институтының порталы мен арнайы мобильді қосымшасы арқылы кез келген шетелдік азамат қазақ тілін еркін меңгере алады. Бұл платформа тек тіл сабақтарын ұсынумен шектелмейді. Мұнда шетелдегі қазақ диаспорасына арналған бейнесабақтар мен қазақ және ағылшын тілдерінде әзірленген тапсырмалар, тіпті Абай институтының бүкіл әлемдегі өкілдіктерінің байланыс деректері бар.

Ең қызықты бөлімдердің бірі – қазақ тілін ән арқылы үйрету жобасы. Айнұр Болатқызы атап өткендей, мобильді қосымшада Димаш Құдайбергеннің әндері арқылы тіл үйренуге арналған арнайы бөлім бар. Онда жанкүйерлер үшін түрлі тапсырмалар, қазақ әндері мен мәдениетіне қатысты әр түрлі контент бір жерге топтастырылған.

«Бұл жоба қазақ тілін үйренуді қызықты әрі қолжетімді етуді мақсат етеді. Ән арқылы үйрену – тек тілдік қабілетті дамытып қана қоймай, сонымен қатар ұлттық мәдениетті тереңірек тануға жол ашады», – деді Айнұр Төлеу.

Фото: видеодан алынған скрин

                                                                                                                                         

Бөлісу