АҚТӨБЕДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

АҚТӨБЕДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Еліміз көлеміндегі басқосуда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қосымша білім беру бөлімінің бастығы Талапова Гүлнәр Маратқызы «Қазақ тілін үйренудің 10 тәсілі» туралы сөз қозғаса, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Мұканбаева Жұлдыз Бақытбекқызы «Мемлекеттік тілді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» жөнінде әңгімеледі.

Бұдан басқа Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Есімова Әйгерім Есетқызы «Мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесі: жобалық жұмыстар» хақында ой бөлісіп, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Омарова Жанар Әділқызы «Тіл үйретудегі айтылым дағдысын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер» төңірегіндегі өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында алғыс хат пен сертификаттар табысталды.


Бөлісу