АҚШ-та туған қазақ балаларына ана тілін үйрететін клуб ашылды

АҚШ-та туған қазақ балаларына ана тілін үйрететін клуб ашылды

 

Дети в США

Ұйымдастырушылар клубтың мақсаты жай тіл үйрену сабақтарын өткізуден әлдеқайда ауқымдырақ екенін айтады.

Негізгі идея — балаларға ана тілі арқылы қазақ мәдениетін меңгеру алаңын қалыптастыру.

Бұдан өзге, клуб қазақ диаспорасы мен олардың балаларын танысуға, өзара қарым-қатынас жасап, бірігуге ықпал етеді. Жасалатын тілдік орта балаларға қазақ тілінде, оның ішінде күнделікті өмірде өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

 

Дети в США

Клубтың әр кездесуі салт-дәстүр, музыка, өнер сынды түрлі тақырыпта өтеді.

Сабақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Себебі, балалардың барлығы қазақ тілінде сөйлей бермейді, ал кейбіреулеріне ағылшын тіліндегі тапсырмалардың шарттарын түсіну оңайырақ.

Бір айта кетерлігі — Америкада дүниеге келген сәбилер өте көп.

 

Дети в США

Клубқа келу олардың қазақ мәдениетін бойларына сіңіріп, ана тілін базалық деңгейде меңгерулеріне мүмкіндік береді.

Сабаққа жүйелі түрде келіп жүрген балалар ҚР Мемлекеттік Әнұранының мәтінін жаттап алды.

 

Дети в США

 

https://kaz.inform.kz/news/aksh-ta-tugan-kazak-bal...


Бөлісу