Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тарихшылар мен сарапшылар алдымен Мағжанның кіндік қаны тамған Сарытомар ауылына барды. Ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұдан соң оның шығармашылығы мен өмірі жайлы сөз қозғап, әлі де оның зерттелмеген деректердің көп екендігін алға тартты.
- Бір айдай ғана уақыт болған, Ресей мемлекеттік архивінен алынған құжат. Ол құжатта Мағжан, Әлихан Бөкейханов екеуі «центр издат» деп айтамыз, 1923-1927 жылдары Мәскеуде болған кезеңінде сол әдебиет және өнер институтында оқып ғана қоймай, қызметте жүргізген. Сол қызметтің бірі центр издатта аудармашы ретінде қызмет жасаған. Лениннің ақпаннан қазанға дейін еңбегін аударды. Сонымен қатар Максим Горькийдің «Буревестнике» өлеңін аударды. Всеволод Ивановтың шығармаларын аударды. Яғни, аудармашы ретінде қызмет жасағанын дәлелдейтін құжатқа куә болып отырмыз,-дейді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.
Шараға еліміздің әр өңірінен келген тарихшылар, сарапшылар, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері қатысты. Сонымен қатар халықараралық сарапшылар онлайн режимінде қосылды.