Бүгін Астана қаласындағы «Назарбаев Университетінің» базасында Қазақстан халқы тілдері күні және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған “Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі” атты республикалық конференциясы өтті. Бұл маңызды республикалық басқосуды Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай және тіл мамандары қатысты. Конференция барысында мемлекеттік тілдің ғылым мен технология саласындағы қолданысы және болашағы талқыланды. Сонымен қатар осы шара аясында «Ұлттық диктант» жобасы басталды. Конференциядан шыққан тіл мамандары мен тіл жанашырлары Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ газетіне» басылып шыққан «Оқу жайы» туралы мақаласына диктант жазды.